«Бурабай ауданы білім бөлімінің Зеленобор мектеп-гимназиясы» ММ 2019 жылдың наурыз айынан мектеп асханасында ИП Вручинская Е. И. тамақтандыруды қамтамасыз етеді. Екатерина Иосифовна жұмыс уақытында асхананың ішін жабдықтандырып, тағамдарды қоюға арналған заманауи сөрелермен және асхана қабырғаларын стендтармен безендіріп, қосымша ыдыстармен қамтамасыз етті. Оқушылар үшін мектеп асханасы сүйікті орынға айналды.
Мектеп асханасында оқушылар мен мектеп ұжымына арналған ыстық және буфеттік тамақтандыру ұйымдастырылған. Апта сайын мектеп басшысы мен жетекшісі Жолдаспаев С.И. пен келісілген ас мәзірі стендта өзгертіліп тұрады.
Ас мәзірінде ыстық тағамға, буфеттік және кондитерлик тағамдарға таңдау мол (бәліштер, тоқаштар, самсалар, әртүрлі тәтті тоқаштар). Мәзірде кисель, кептірілген жемістен компот, табиғи шырын, шай сусындары ұсынылған. Ұсынылған тағамдардың сапасы жоғары.
Мектепте 489 оқушы оқиды, 100% барлығы ыстық және буфеттік тамақпен қамтамасыз етілген. Мектепте 74 оқушы әлеуметтік қорғалмаған отбасынан, 100% жалпыға міндетті оқу қорының қаражатына тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Жалға алушы қаражатына 12 оқушы ыстық тамақпен тамақтандырылады. Бұған дейін жалға алушылардың өз қаражатына тамақтандыру қиын мәселе болатын. 2020 жылдың қаңтар айынан 1 – сыныптың, 75 оқушысы 100% ыстық тамақпен қамтылды. Мектеп оқушыларының қалған 100% ата-аналарының қаржысымен ыстық және буфеттік тамақпен қамтылды. Мектеп әкімшілгі тамақтану кестесін құрастырды. Қоңырауда кезекші мұғалім асханадағы тәртіпті қадағалайды.
Мектепте оқушылардың тамақтану сапасының мониторингін қадағалайтын комиссия мүшелері құрылды. Комиссия құрамына мектеп медбикесі, ата-аналар кеңесінің төрағасы, мектептің кәсіподағының бас төрайымы және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарынан құралған топ кіреді. Комиссия мүшелері мектеп асханасын тексеріп, актілер мен хаттамаларды құрастырады. Жеке кәсіпкер Е. И. Вручинскаямен бірлескен жұмыс кезінде мектеп асханасына түскен арыздар жоқ. Асхананың санитарлық жағдайы СанПиНа-ның талаптарына сай келісілген.
Асхана ұжымы мейірімділікпен, көңілді күймен балаларды жақсы қарсы алады, сондықтан да оқушылар асханаға жиі барып тұрады. Мектепте асхана жұмысы бойынша әлеуметтік сұраныс жүргізілді. Оқушылардың 93% қатысып, асхана ұжымының қарым-қатынасы және тамақтың сапасы бойынша жоғары көрсеткіштерді көрсетті.
Мектеп ұжымы мен ата-аналар мектеп асханасының жұмысына қанағаттанады және ИП Вручинская Е. И. ұжымына алғыстарын білдіреді.
Директор М.К. Рахимжанов