Балалардың денсаулығын жақсарту және оларды қамтамасыз ету мақсатында мектепте ыстық тамақтану ұйымдастырылған.
Тамақтану жүйесін ұйымдастырудың басым бағыттары:
- оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету;
- тамақтанудың санитарлық-гигиеналық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
- тамақтанудың сапасын, калориялығын және теңгерімділігін бақылау;
- ауыз су режимін қамтамасыз ету;
Осы бағыттағы барлық жұмыстар мектеп бойынша "мектептік тамақтандыруды ұйымдастыру туралы" бұйрықпен реттеледі.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 198 Бұйрығы. Министрінің м. а. Қазақстан Республикасы білім және ғылым 31 желтоқсандағы, 2015 жылғы № 717. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 31.
Мектепте барлығы 490 оқушы. Оның ішінде 4 оқушы үйде оқиды. Мектеп асханасында 1-11 сыныптар тамақтанады, жеңілдік негізінде оқушылар саны - 86. Бір балаға 1 күнге ыстық тамақ құны 335 теңгені құрайды.
Білім алушылар аптасына 5 рет ыстық тамақ алады. Азық-түлікті асханаға ЖК Вручинская Е.И. жеткізеді.
Тамақтануды ұйымдастыру үшін жасалған ас мәзір негізінде жүзеге асырылады. Ас мәзірін талдау тағам рационында ет тағамдарының басым екенін көрсетеді (аптасына 3 рет). Гарнир ретінде - макарон, қарақұмық, күріш, арпа, геркулес, картоп, қырыққабат. Оқушыларға жемістер беріледі. Жиі ас мәзіріне жаңа піскен көкөністерден жасалған салаттар кіреді. Сусындардан білім алушылар кисель, кептірілген жемістерден компот, алма, шай алады.
Мектеп директоры бекіткен тамақтану кестесіне сәйкес, тамақтану жүзеге асырылады.
Білім алушылардың тамақтануын бақылау, ұйымдастыру, жеткізілетін өнімдердің сапасы, ас блогында санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау мақсатында мектепте 5 адамнан тұратын бракераждық комиссия бекітілді.
Комиссия жұмысы мектеп директоры бекіткен "бракераждық комиссия туралы ережемен", "ас блогында жұмыс істеу ережесімен" реттеледі. Тамақтану жөніндегі комиссия отырысы ай сайын өткізіледі.
Комиссия мүшелері асхананың санитарлық-гигиеналық жағдайын бақылайды, СӨС насихаттау және рационалды тамақтану негіздері бойынша ағарту жұмыстарын жүргізеді, асханадағы кезекшілікті бақылайды, дайын өнімнің бракеражын, дайындалған тағамдардың сапасын жүргізеді.
Әлеуметтік педагог күнделікті асханада тамақтанушыларды күн сайын салыстырады, әр күнге тамақтанушылар саны бойынша құжаттамаларды жүргізеді.
Неғұрлым нақты ұйымдастыруды және толық бақылауды қамтамасыз ету мақсатында, тамақтану процесі бойынша әлеуметтік педагог қатысу табелін жүргізеді.
Жарамдылық мерзімі өтіп кеткен, таңбалаусыз, сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттарсыз, 2019-2020 оқу жылының бірінші жарты жылдығында анықталған жоқ.
Тамақтанудың ұйымдастырылуын және сапасын бақылау бойынша Комиссия мектеп асханасын жоспар бойынша тексеру жүргізді.:
- тамақтану залын жиһазбен (үстелдермен, орындықтармен) жабдықтау, олардың санитарлық жағдайы;
- технологиялық және тоңазытқыш жабдықтарды тексеру;
- асхана және ас үй құралдарын сақтау, ыдыстар мен құралдарын таңбалау;
- ыдыс-аяқтарды жуу ережелерін сақтау;
- тәуліктік сынамалардың болуы және сақталуы;
- есептік құжаттама журналдарының болуы және жүргізу;
- асхана қызметкерлерінің жеке гигиена ережелерін сақта.
- асхананы тазалау кестесін орындау.
Тексеру барысында анықталғаны, :
- асхана және ас үй жабдықтарының жағдайы, асхана, ас үй жабдықтары мен құралдарының саны, санитарлық жағдайы талаптарға сәйкес келеді;
- тамақ дайындауға арналған технологиялық жабдықтар бар және нормаларға сәйкес келеді;
- өнімдердің келіп түскен күні және оларды сату мерзімдері туралы мәліметтер бар;
- тағамның салмағы көрсетілген мәзір бар; ас мәзірі күн сайын мектеп директорымен расталып, түскі ас залына ілінеді. Мәзір әр түрлі ет, сүт өнімдері, балық, шырын, нан, көкөніс тағамдарынан қамтиды;
- өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттар бар;
- аспаздармен тәуліктік сынамаларды іріктеу жүргізіледі;
- асхана қызметкерлері және мектеп асханасында болуға құқығы бар адамдар жеке гигиена ережелерін, санитарлық ережелер мен нормативтерді сақтайды; арнайы киім, аяқ киім, қалпақтар, алжапқыштар бар;
- еңбекті қорғау, өрт және электр қауіпсіздігі ережелері сақталады.
- асхананы тазалау талаптары орындалады.
Асхананың қызметкерлері әрдайым балаларды мейірімді күлкімен қарсы алады және көптеген балалардың есімдерін біледі. Сондықтан балалар Әрқашан мектеп асханасына қуана-қуана барады.