Текст
2021 жылғы 26-28 қаңтар аралығында "Зерде" республикалық зерттеу жұмыстары байқауының қорытынды кезеңі онлайн режимде өтті. Зеленый бор ауылының мектеп – гимназиясының 4 "Б" сынып оқушылары Акимов Рамсан мен Сабырханова Елдана "Тарих, өлкетану, этномәдениеттану секциясында "Биші қайыңдар" аңызы бойынша «3D кітап және мультфильм дайындау» жобасымен лайықты өнер көрсетті. Байқау қорытындысы бойынша біздің балалар жүлделі 3 орынға ие болды. Біздің жүлдегерлерді, сондай-ақ олардың жетекшілері Ющенко Татьяна Михайловна мен Зенкова Виктория Владимировна құттықтаймыз және оларға болашақта жетістіктер тілейміз!