Сәуірдің 16 күні Щучинск қаласының №7 мектеп-лицей шаңырағында өз қызметін жаңа бастап жатқан Ақмола облысының директорларына "Білім беру жүйесінде көшбасшы болудың жолдары. Басқару тәжірибесі." атты семинар өтті. Семинарда мектеп директоры Рахимжанов М.К. "Білім беру ұйымын басқарудың тиімді құралдары" атты тақырыбында өз тәжірибесімен бөлісті. Директордың орынбасары Узбаева А.Б. " Мұғалімдердің кәсіби өсуінің үздіксіздігін ынталандыру: мектептің әдістемелік бірлестіктері мұғалімдерінің кәсіби әлеуетін дамыту факторы ретінде" тақырыбы бойынша өз тәжірибесімен бөлісті. Әріптестерімізге облыстық практикалық семинарда жұмыс тәжірибесін таратқаны үшін сертификат табысталды. Семинар аясында "Жаңашыл мектептегі инновациялар" атты көрме ұйымдастырылды. Көрмеде мектеп ұстаздарының жетістіктері мен оқу әдістемелік құралдары көрсетілді. Мектебіміздің жас маманы қазақ тілі пәнінің мұғалімі Тәуекел Д.Р. көрмені жасанды интеллект бойынша жұмысымен жандандырды. /public/files/2025/4/18/180425_154754_whatsapp-video-2025-04-17-at-110614.mp4