«Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі  Зелёный бор ауылының мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа-гимназия села Зеленый бор отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области»

Біз инстаграмдамыз

Схема проезда

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі балалар қорғау күні

11.03.2019

         Жыл сайын 1 наурызда бүкіләлемдік қоғамдастық Азаматтық қорғаудың халықаралық күнін қарсы алады. 1990 жылы Халықаралық азаматтық қорғаныс ұйымы (IOMO) ашылған. Бұл ұйымы арқылы табиғи және техногендік апаттардың салдарын болдырмау және жою саласындағы азаматтық қорғаудың ұлттық қызметтерінің маңызды міндеттеріне тарту мақсатында құрылған. 1 наурыз күні білім беру мекемелерінде - Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар саласындағы балалар қорғау күні деп саналады.

             1 наурыз ерекше тандалған күн. Бүл күні 18 мемлекет мақұлдаған Халықаралық азаматтық қорғаныс ұйымының жарғысы күшіне енді.   Қазақстан Республикасы 1997 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына қол қойылған сәттен бастап ХАҚҰ-ның толық құқықты мүшесі болып саналады және осы беделді халықаралық ұйымның негізгі қызметін жүзеге асыруға белсене қатысады.

            1 наурызда Зеленобор мектеп – гимназиясында өртке қарсы оқу-жаттығу жұмыстары өткізілді. Құтқару жаттығулары барысында оқушылармен, педагогтар және мектептің қызметкерлері мектеп сыртындағы аумаққа эвакуацияланды. Жоспарға сәйкес, барлық ескертулерде (жедел, өрт сөндіру, радиация, медициналық) «Назар аударыңыздар» дереу дайындыққа өрт дабылы берілді. Алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі С.А.Попов түсіндірме жұмыстарды өткізді. Эвакуация барысында екі экипаждан тұратын СПЧ-25 экипажы келіп, өрт сөндіру бойынша демонстрация өткізді.

Просмотров: 476


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст