Текст
Ғалым өзінің шолу баяндамасында жаңа энергия туралы айтып, термоядролық энергияның қалай алынатынын түсіндіріп, мысалдармен көрсетті. Балалар ғалымдардың әңгімелерін қызығушылықпен тыңдап, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, өз болжамдарын білдірді. Кездесу қызықты әрі мазмұнды өтті.
Қорытындылай келе, ғалымдар балаларды ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысуға, заман ағымына ілесіп, алыс болашаққа ұмтылуға шақырды.
Мектеп әкімшілігі неміс ғалымдарына ризашылығын білдіріп, одан әрі ынтымақтастық тіледі.