5 – 7 қаңтар аралығында Көкшетауда пәндік олимпиаданың облыстық кезеңі өтті. Онда 17 аудан, Көкшетау, Степногорск қалалары, дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған төрт мектептің 378 оқушысы қатысты. 31 жеңімпаз, 35 қатысушы ІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды, 95 – қатысушы ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды. Және 29 қатысушы грамотаға ие болды.
Олимпиада жалпы білім беретін пәндер бойынша өткізіледі: қазақ тілі мен әдебиеті қазақ мектебінде, қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде, орыс тілі мен әдебиеті қазақ мектебінде, орыс тілі мен әдебиеті орыс мектебінде, Қазақстан тарихы, құқық негіздері, ағылшын тілі, неміс тілі, француз тілі, математика, информатика, физика, химия, биология, география.
Бурабай ауданын 24 оқушы намысын қорғаған болса, солардың ішінен:
· Черемухина Мария, орыс тілі және әдебиет пәнінен ІІ дәрежелі диплом.
· Коркытова Мадина химия пәнінен ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
Олимпиада жеңімпаздарын шын жүректен құттықтаймыз!