12 қараша 2017 жылы Көкшетау қаласында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының шеңберінде өткен «Туған жерім» атты шығармалардың облыстық конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Жеңімпаздардың жұмысы «Туған жерім» атты шығармалар жинағына енді. Кітап «Нұр Отан» партиясының ұсынысы бойынша шығарылды. Іс-шараны «Нұр Отан» партиясының Ақмола облыстық филиалы мен Ақмола облысының білім басқармасы бірлесе отырып ұйымдастырды. Облыстық конкурстық комиссия отырысының шешімі бойынша «Кіші Отан неден басталады?», «Туған өлкенің батырлары», « Туған өлкемнің болашағы жөнінде менің арманым», «Туған жердің жетістіктері» атты төрт номинацияда 23 жұмыс үздік деп танылды. Солардың ішінде Зеленобор мектеп – гимназиясынан Шаймуратова Анель 11 сынып, Турлубеков Абай 10 сынып, Едресова Анель 7 сынып оқушылары мектеп намысын қорғады және конкурстың жеңімпаздары атанды. Жеңімпаз оқушылар естелік марапаттамалар алды, «Нұр Отан» партиясының Ақмола облыстық филиалы мен Ақмола облысының білім басқармасы бірлесе отырып, жеңімпаздар үшін Көкшетау қ. облыстық тарихи-өлкетану мұражайына және «Гормолзавод» ЖШС экскурсия ұйымдастырды.