Тақырыбы: Мейірімділік – ғажайып өмір есігі
Мақсаты: Адам бойында кездесетін рухани адамгершілік қасиетті ашу
1. Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Мейірімділік – ғажайып өмір есігі,
Мейірімді болсаң – сазды әуенмен тербетілер бесігің.
Ашық болсын мұқтаждарға көңілің мен есігің,
Мейірімсіз болсаң, алладан болмас кешірім.
Қол ұшын бер жетімдерге жылаған,
Қайтарма қолын, ананың көмек сұраған.
Оу, адамзат, сіңірген бойға мейірімді,
Өтініп соны, сіздерден әркез сұранам.
Мейірімді ізде, таза, аңғал жүректен,
Селт еткізіп, сезімді бойда дір еткен.
Мейірім ана бойында сіңірген бойға, мойында,
Өмірге мына жылылықпен гүл еккен.
2. «Жылы жүректен» жаттығу жүргізу
3. «Өзіңді-өзің танысаң – істің басы» деп Шәкәрім айтқандай, өзін-өзі тану пәні арқылы балалар өмірде кездесетін түрлі жағдаяттарды шеше білуге, өз ойын ашық айтуға, пікірін, сезімін, көңіл-күйін жеткізе білуге, өз мүмкіндігін жүзеге асыруға, адами қарым-қатынас жасай алуға, өз денсаулығын сақтауға, жақсы қасиеттерін ашуға үйренді.
4. Презентация қосу
Сара Алпысқызы Назарбаева 1941 жылы 12 ақпанда Қарағаңды облысы, Бұқар жырау ауданының Қызылжар ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, мамандығы инженер-экономист. Қоғам қайраткері. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың зайыбы. Қарағанды металлургия комбинатанда, «Қарағанды көмір» ӨБ-де жұмыс істеді. 1992 жылдан «Бөбек» балалар қайырымдылық қорының президенті, негізін қалаушы. Қор ауруы асқынған балаларды Қазақстан мен шетел клиникаларында емдейтін балалар мекемелері мен ұйымдарына қамқорлық көрсетеді.
Қазақстанның бірінші ханымының бастамасымен елімізде жетім балаларды қорғау туралы Заң қабылданды. Осының нәтижесінде республиканың барлық өңірінде жетім балалар үшін отбасылық үлгідегі балалар қалашықтары құрылып, «Үміт» жасөскіндер үйлері ашылуда. Республикамыздағы колледждер мен жоғары оқу орындарында және училищелерде білім алып жүрген жетім балалардың жағдайларын да ерекше назарда ұстап, «Бөбек» қоры арқылы қайырымдылық көмек көрсетеді. «Өзін-өзі тану» атты балаларға рухани-адамгершілік білім беру және тәрбие беру идеясының авторы.
1994 жылдан «505 — Қазақстанның балалар деревнясы» (Австрияның «Киндердорф Интернационал» қорының филиалы) қорының президенті. 1999 жылдан «Демография» қайырымдылық қоры қамқоршылар кеңесінің төрайымы.
С.А. Назарбаева қайырымдылық қызметі үшін «Достық» орденімен, оқу мәдениетіне қосқан үлесі үшін Шыңғыс Айтматов атындағы І дәрежелі алтын медальмен, «Юнити» халықаралық сыйлығымен, СОС Киндердорф Халықаралық қорының алтын медалімен, БҰҰ – ЮНИСЕФ халықаралық қорының ескерткіш медалімен, Исхан Дограмачи Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының халықаралық сыйлығымен, Халықаралық «Алтын жүрек» сыйлықтарымен марапатталған.
5. (Тренинг-ойын «0-ден 10-ға дейін сана»)
6. Видеоролик қосу «Өзіңнен баста» - 1мин 30сек
7. Сара Алпысқызының балаларға жолдаған хатын оқу
Хатта: «Менің сүйікті балаларым, бір-біріңді сыйлаңдар, ертең сен де өсіп, азамат боласың. Ешқашан ешкімге жамандық жасамаңдар! Біреуге жамандық жасасаң, бір күні алдыңнан жамандық шығады, жақсылық жасасаң жақсылық шығады. Сондықтан, үнемі жақсылық жасауға ұмтылайық!» делінген екен.
(Талқылау, сұрақ-жауап, ой бөлісу)
Сара Алпысқызы Назарбаеваның балаларды бақытқа, қуанышқа, шаттыққа кенеліп, бақытты өмір сүруі үшін қосқан үлесі зор. «Өзін-өзі тану» әлеміне ерен еңбегін сіңірген, сол әлемнің дамуына талай тер төккен Сара апайдың айтып өткен сөздері мен ақыл-кеңестерін әрқашан жадыларыңа ұстаңдар. Өзін-өзі тану пәні күні бүгінде өмірдің өз сұранысы, қоғам қажеттілігімен туындайтын ізгілік пен игіліктің жарқын көрінісі болып отыр.
8. «Ризамын» әнін орындау
9. Қорытындылау