Тоғыз ай оқудан кейін балалар үшін көптен күткен жазғы
демалыста келіп жетті. Балалардың жазғы демалысы қызықты, көңілді әрі пайдалы
өтуі үшін мектепте маусым айына арналған жазғы лагерь құрылған болатын. Лагерьге 60-қа жуық балалар күнделікті
қатысып жүр. Жаздың шуақты күндерінде таза ауада спорттық ойындар ойнап, түрлі
конкурстарға қатысып уақытты тиімді пайдаланып жүр. Мәселен, біздің лагерьде оқушыларымыздан құрылған 3 отряд
бар. Оларға арналған күнделікті қосымша сабақтар да бар. Үштілділікке байланысты
оқушыларымыздың тілге бейімделуі үшін және әр түрлі жастағы балалардың сөздік
қорларын молайту мақсатында қазақ тілі мұғалімі Асылханова Айнұрдың өткізіп жүрген «Қызықты қазақ тілі» және
ағылшын тілі мұғалімі Олжабаева Шынардың және Серикова Айгерімнің «Қызықты ағылшын тілі» қосымша сабақтары
енгізілді. Сондай – ақ, балалардың көңіл күйлерін қадағалап, көңілді психологиялық треннингтер өткізіп
жүрген мектеп психологы Айнагул Саутбайқызының «Улыбка» деген қосымша үйірмесі бар.
Үйірмелерден басқа ән айту, би билеу, түрлі жанрдағы флешмобтар, ұрандар айту,
түрлі жас ерекшеліктеріне байланысты ойындар ойнату Рахимжанова Ш.К. әр түрлі
іс –шараларды ұйымдастырды. Лагерьдегі әр күн бір –біріне ұқсамайтын көңілді
күндер болып өтіп жатыр. 3 отрядқа арналған «Жасыл табан» ойыны, станцияларда
жасырынған кедергілерге толы жарыс ойындар, «Суретші күні», «Теріс күн», «Қызыл
түс күні», «Көк түс күні», қызықты мультфильм күні, шаш үлгісіне арналған күн
және сән үлгісіне арналған күндер өтті. Балалармен Бурабайдағы табиғат мұражайына
және кинотеатрға барып, көңілді уақыт
өткізіп,мұражайдағы экпонаттарды тамашалап көптеген пайдалы, жаңа мағлұматтар
алдық. Лагерьдегі уақыт пайдалы өтуіне ат салысып жатқан мұғалімдерімізге
алғысымызды білдіреміз. Олар: Рахимжанова Ш.К, Куандыкова А.С, Сақытбай А.С,
Лешина О.А, Максутова В.П, Абдрахманова Ш.Т, Кабдулина А.Д.