Білім беру саласында шығармашыл, сындарлы ойлай алатын, өз мүмкіндіктеріне
сенімді, қандай жағдайлар болмасын оны өз бетімен шешуге қабілетті азамат
дайындау маңызды. Сондықтан білім алушы тілді меңгеруде оны тек қана оқып
қоймай, практикада қолдана алуы керек. Мақсат: шығармашыл тұлғаны дамыту.
Сондай мақсатпен өтілген тақырыптар бойынша оқушылардың сөздік қорының
лексикалық жағынан қаншалықты дамығанын байқау мақсатында шағын ой толғау,
шығарма жаздырамын. Алдарыңызға өзге ұлтты, орыс тілді 3 «В» сынып оқушыларының
жұмыстарын ұсынамын.
Көктем туралы.
Көктемде күн жылиды, құстар
жылы жақтан ұшып келеді. Көктемде мерекелер өте көп. Мысалы: 8 наурыз, 22
наурыз, 1 мамыр, 9 мамыр.Солардың ішінен 22 наурызды алатын болсақ ол бұрыннан
келе жатқан қазақтың ұлттық мерекесі. Оны негізінен қазақтар, өзбектер, ұйғырлар
тойлайды. «Наурыз» сөзінің мағынасы «жаңа күн». Ол күні қала орталықтарында
мерекелік концерттер өткізіледі. Адамдар ұрысқанын кешіріп достасады. Барлығы
наурыз көже пісіреді. Бұл күні әр – түрлі ұлттық ойындар ойналады. Мысалы: қыз
қуу, алтыбақан, көкпар. Көктемде бәйшешек шығады, гүлдер гүлдейді. Айнала әдемі
болады. Көктем мезгілі маған қатты ұнайды!
Мусатов Даниил
Жаз мезгілі.
Көп ұзамай көптен күткен жаз
келеді. Жылы, шуақты күндер басталады. Жаз балалардың сүйікті уақыты. Балалар
күнімен далада ойнайды. Доп ойнайды, секіртпе, жасырынбақ ойнайды. Жаз маған да
қатты ұнайды. Мен отбасыммен көлге барамын, шомыладмын. Жаз менің сүйікті
мезгілім.
Шварцкоп Татьяна
Суретті салған: 3 «Б» сынып оқушысы Вдовиченко Валерия