Наурыз – ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Күні бүгінге дейін жер шарындағы көптеген халықтардың дәстүрлі мейрамына айналған. Жыл сайын наурыз мерекесін Қазақстанның түкпір-түкпірінде зор қуанышпен қарсы алады. Наурыз мейрамында тек адамзат қана емес, табиғаттың да жасарып, бой түзейтін шағы – Ұлыстың ұлы күнінің баршамыз үшін жолы да, жөні де бөлек. Осыған байланысты біздің 6 сынып оқушылары мен ата-аналарымыздың көмегімен «Наурыз мейрамын» ерекше қарсы алдық. Оқушыларға наурыз мейрамы жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздың салт-дәстүрін бойларына дарыту арқылы, шынайылыққа, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеуді көздейміз. Ата-аналарымызбен жұмыла жасаған жұмысымыз нәтижелі өтті. Оқушыларымызға дайындаған шағын меркелік концертіміз баршамыздың көңлімізден шықты. Ата-аналардың көмегімен оқушыларымыз көптеген терминдердің мағынасын ашып, нені білдіретінін танып білді. Мысалға алатын болсақ: «Наурызек», «Наурызнама», «Наурызша» т.б. Осындай кешті ұйымдастырған 6-сыныптың ата-аналарына үлкен рахмет айтамын.