Наурыз айының 9 мен 18 жұлдызы аралығында қазақ тілі әдістемелік бірлестігінің « Қазақ тілім –менің ұлттық мәртебем» атты онкүндігі жоғары деңгейде аталып өтті . Аз уақытқа жоспарланған іс-шаралардың мақсаты - әр балаға туған, ана тілінің терең,бай, көркем, баға жетпес құнды қазына екендігін таныту ,ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Осы іс-шараға белсене қатысқан өзге ұлт өкілдерінің балаларына қазақ тіліне деген құрметін арттыру болатын.
Ең бірінші аталмыш іс-шараларды өткізуге ат үсті қарамай, өз істеріне жауапкершілік танытып, әр істі ұтымды ұйымдастырып, онкүндіктің мәнді, мазмұнды өтіуіне белсенділік көрсеткен қазақ тілі пәнінің мұғалімдері Абжатова Г.Т, Асылханова А.Б, Сураганова Н.К , Мухамеджанова Е, Касымбекова Н,А алғыс білдіремін.
Наурыздың тоғызы күні салтанатты ашылумен басталған апталық « Тіл –аса қадірлеп ұстайтын байлығымыз» атты дөңгелек үстелмен (Акатова А.А), «Бақытты сәт» викторинасымен (Абжатова Г.Т,Сураганова Н.К), «Қазақшаңыз қалай?» сыныптан тыс тәрбие сағатымен (Асылханова А.Б) , «Үш дәуірдің үні» атты мәнерлеп оқу сайысымен (Абжатова Г.Т) жалғасын тапты. Онкүндіктің аясында жаңа заман талабына сай өткізілген ашық сабақтар да мәнді, қызықты өтіп, әр ұстаздың шеберлігін танытты.
Ұлы ұстаздарымыздың бірі : « Менің мақсатым- бала жүрегінің дүрсілін сезіну» -деген екен. Бала жүрегінің кілтін табу – ұстаз жетістігі, ұстаз бақыты. Осы орайда әр баланың тілін тауып, сабақтарын түрлендіріп,қызықты , мазмұнды өткізуге тырысып жүретін жас мұғалім Асылханова А.Б ерекше атағым келеді. Биязы мінезі ,ақжарқын көңілімен балаларды бірден баулап алатын Айнұрға таңдаған мамандығының майталманы болуына тілектестігімді білдіргім келеді.
Аталмыш апталықтың өтуіне мектеп оқушылары да белсене ат салысты. «Газет галереясы» конкурсында қазақ сыныбының балалары ақын -жазушылардың өмірін, шығармашылығын сипаттап берсе, орыс сыныбының оқушылары қазақты ң салт-дәстүрлерін (беташар, бесікке бөлеу, сырға салу,бата беру т.б) көркем бейнелеп,айшықты сала білген.Бұдан басқа « Білімді мыңды жығар», «Үш дәуірдің үні» мәнерлеп оқу, «Тілім-баға жетпес байлығым» атты эссе конкурстарына белсене қатысқан оқушылар мақтау грамоталарымен , дипломдармен марапатталды.