«Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі  Зелёный бор ауылының мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа-гимназия села Зеленый бор отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области»

Біз инстаграмдамыз

Схема проезда

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Әлихан Бөкейханның қоғамдық-саяси және ғылыми мұрасы ( қоғамдық қайраткер,оқытушы,журналист этнограф)

10.03.2017

      Әлихан Бөкейхановтың ата-тегі Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошыдан тарайтын төре тұқымы. Арғы атасы сұлтан Барақ Қазақтың соңғы хандарының бірі Бөкей осы Барақтың баласы. Бөкейден Батыр, одан Мырзатай, одан Әлиханның әкесі Нұрмұхамед. Әлихан Нұрмұхамед ұлы 11866 жылы бұрынғы Семей облысы Қарқаралы уезі Тоқыраун болысының жетінші ауылында дүниеге келген. Әлиханды әкесі тоғыз жасында Қарқаралыға апарып жергілікті молданың қолына оқуға береді.Бірақ зерделі бала молдадан оқыған оған көңіліне толмай өз бетімен мектеп-интернатқа оқуға түседі.оны бітіргеннен кейін 1879-1886 жылдары Қарқаралы қаласындағы қазақ балаларына арналған мектепте оқиды. 1886-1890 жылдар аралығында Омбыдағы техникалық училищеде оқып, оны «техник» мамындығы бойынша бітіріп шықты. 1890-1894 жылдар аралығында Санкт-Петербургтегі Орман технологиялық институтының экономика факультетінде оқыды. Мұнда ол студенттік қызу пікірталастарға қатысып, XX ғасырдың босағасын аттағалы тұрған Ресейдің қандай жолмен дамуы тиімді болатындығы туралы қайшылықты пікірлер қақтығысына куә болды, өз ойын да шыңдай түсті.[1]

       Әлихан Бөкейхановтың қайраткер ретінде қалыптасуының екі рухани негіздерін бөліп айтуға болады. Біріншіден, Әлихан еркіндік пен теңдікті жоғары бағалаған ортада өседі. Онық қоғамдық көзқарасының қалыптасуына қазақ халқының ауыз әдебиетінің, ұлы Абайдың және басқа ақын-жыраулардың ықпалы тигендігі сөзссіз. Оның 1907 жылы тұңғыш рет орыс оқырмандарын Абайдың шығармашылығымен таныстыруды көздеген материал жариялап,ал 1909 жылы ұлы ойшылдың шығармаларының Петербургта жарық көруіне ықпал жасайды,өмірінің соңына дейін « Қобыланды», «Ерсайын», «Қозы-Көрпеш» және басқа көптеген ауыз әдебиеті үлгілерін жинап,зерттеп және насихаттап өтуін, әрине, кездейсоқ деп айту қиын. Әлихан Бөкейханов институтты бітірсімен ішкі Ресейден қоныс аударушылар жағдайын зерттеу үшін ұйымдастырылған Половцев экспедициясына қатысу үшін 1895 жылдың жазында Омбыға келіп, экспедиция жұмысына рұқсат берілмене соң сонда қалып қояды. Омбыдағы Орман шаруашылығы училищісіне математика рәнінен оқытушы болып орналасқан ол тура осы мезгілде социалистік бағыттағы « Степной край» газетінің қызметіне белсенді түрде араласа бастайды.

    Кейннен дала аймақтарын зерттейтін Ф.А. Щербинаның ғылыми-зерттеу экспедициясына қатысты. Осы экспедиция жұмысында ол туған елінің экономикасын, шаруашылық құрылымын, ауыл шаруашылық санағын жүргізді,халықтың тұрмысымен танысты,мәдениетін,салтын,тарихын жан-жақты зерттеді.

      Әлихан Бөкейханов 1896-1901 жылдары Ресей географиялық қоғамының экспедицияларымен Қазақ жерін Сібірге дейін аралаған ғалым. Студент кезінен бастап қазақтың тәуелсіздігі үшін күрескен ол Санк-Петербургтан Орта Азияға шығатын империялық ғылыми экспедициялардың бәріне ғылыми кеңесші,кейін мүше болған.

    Атап айтсақ,жер жөніндегі министірліктің Ф.А. Щербина,С.П.Швецов бастаған экспедициясы Орта Азия ,Сібірге дейін жасалған ғылыми ғылыми эспедициялар құрамында ғылыми сараптамалық жұмыс атқарған.Бұлар сол кездегі отарлау саясаты мақсатымен жаратылыстану қоғамдарының экспедициясы болатын. Экспедицияның мақсаты қазақ жері,Ресеймен шекаралас өзге жерлердің құнарлығын анықтап,Қазақстанды отарлағанда қай жағында мал өсіру қолайлы деген сияқты ғылыми-танымдық мәліметтерді жинау болатын. Қазақ жерін зерттеуге үлес қосқан бұл экспедицияның сараптамасында Әлихан Бөкейхановтың ғылыми дәрежесі өте жоғары бағаланған. Ә.Бөкейханов қазақтың мал шаруашылығын зерттеуді ғылыми жолға қойған тұңғыш ғалым.Ә.Бөкейханов бір мақаласында «Қазақтың өсірген әр қойының үстіндегі жүнінен тоқылған тоқыма қазақтың үстіне киім болып ілінуі керек» деген екен.  Бұл сөз жүз жылға жуық уақыт өтседе өз өзектілігін жоғалтқан жоқ. Әлі күнге дейін өз мемлекетіміз өндірген киімді киіп, тамағын жесек  деп армандаймыз.Ол ары қарай « Қазақтың қара қойының жүні қазақтық үстіне киім болып киілмейінше, өндірісіміз көтерілмейді» дейді. Келесі бір мақаласында Орталық Қазақстан жерінің егін салуға қолайлығы туралы айтады. Ақмола, Қостанай жерінің құнарлығы, егін салуға лайықты екені, қандай егіннің қай түрі қай жерде өсетіні,тіпті оларды суаратын суға дейін  жазылған мағлұматтар бар. Осы мағлұматтарды КСРО-ның билеушілері тың және тыңайған жерді игерген кезде пайдаланғавн. Батыс Қазақстанда, оның ішінде Каспийде қандай құнарлы жерлер бар екенін, мұнай қай кезде шығатынын да Әлихан Бөкейханов жазып кеткен.Қазақтың жерасты байлықтары туралы ғылыми ақпараттары осы экспедиция материалдарында бар.

      Әлихан Бөкейхановтың тағы бір қыры, оның тарихшы болуы.Тарихи зерттеулері: «Исторические судьбы киргизского края икультурные его успехи», «Киргизы» атты монографиялары. Бұл зерттеулерде қазақ өлкесінің тас,қола дәуірінен бергі тарихы, қазақтың мәдени-саяси жетістіктері алғаш рет сараланған. Әлихан Бөкейханов ол зерттеуінде қазақ халқының отаршылдық, қарашекпенділерге деген қарсылығын, қазақтың ұлт-азаттық күресін, ұлт мүдессін анықтап көрсеткен.Бұл кітапта тіл,сөз бостандығы, дін мәселесі де көрсетілген.Келесі тарихи зерттеу «Из переписки писем киргизских ханов, султанов», « Из переписки ханов средней орды Букея и его потомков», «Из бумаг султана большой киргизской орды Суюка Абылайханова». Бұл аталған еңбектерде ХХ ғасырдың басындағы қазақтың ұлт-азаттық көсемі Әлиха Бөкейхановтың қазақтың соңғы ханы Кенесарыға деген ерекше ықыласы көрінеді.Әлихан Бөкейханов Ұлт-азаттық көсемі бола тұра ,Кенесары мен Наурызбайдың қазақ елі үшін құрбандылыққа барғандарына тағзым етіп өткен.Аталған еңбекте Кенесары мен Наурызбайдың соңғы күндері , қозғалыстың құлдырау себебі сараланған.

        Сонымен қатар Әлихан Бөкейханов қазақтың рулық-тайпалық құрылымын зерттеген, қазақтың шежіресін жазған тұңғыш ғалымдардың бірі.Осы ретте Кереку мен Қарқаралы уездеріндегі төре мен төлеңгіттердің шежіресін жасаған. Әлихан Бөкейханов этнография саласындағы тұңғыш зерттеулердің авторы.Бұған дәлел келесі еңбектері «Аңқау елге- арам молла», «О киргизских поминках». Заң мен билік мәселелері «Би һәм билік» атты зерттеулерінде қарастырылған.

      Ұлтының тарихын зерттей келе Әлихан қайғылы болса да маңызды бірнеше тұжырымға, оның ішінде тарихи және ең бастысы, саяси қорытындыға келеді. Олардың біріншісі: алты алаштың бірлігінен, соның салдарынан тәуелсіздігінен айырылуының ең басты сыры – бұрынғы хан-сұлтандардың Ресей империясы тарапынан отарлау қаупі төнген сәтте де өз билігіне қараған ру-жүздерді біріктіре алмауы. «Бұрынғының көбі, – деп жазды Түрік баласы (Әлиханның қазақша лақап есімінің бірі – С.А.) 1913 жылы «Қазақ» газетіндегі «Қазақ тарихы» мақаласында, – күш-қуатты тиісті орнына жұмсамай, бірінің көзін бірі шұқудан уақыты артылмады, істегенінің бәрі жәбір, залым болды; қылғанының бәрі зорлық-зомбылық еді».Сол себепті де Әлихан туған халқы алдында бұрынғы хан-сұлтандардың тікелей ұрпағы ретінде өзін айыпты сезінді, кең сахара даласында емін-еркін көшіп-қонып ғұмыр кешкен, қайталанбас

салт-дәстүрі, мәдениеті бар халқын еш қарсылықсыз отарлыққа жегіп берген алдыңғы хан-сұлтандардың бар кінәсі мен халқының келешек тағдыры үшін бар жауапкерлікті өз мойнына алды. «Хан баласында қазақтың хақысы бар еді, – деп жазды Әлихан 1914 жылы жазған мақаласының бірінде, – тірі болсам, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын». Әлихан соңғы демі біткенше осы сертіне адал болып қалды.

        20 ғасырдың басында қазақ даласында екі ағымның болғаны белгілі. Бірі Бұқар мен Түркістан өлкесіне бет бұрған дәстүршіл, панисламшыл ағым, екіншісі негізінен Батыс өркениетін үлгі тұтқан жаңашыл, пантүркішіл ағым. 1919 жылдың ақпанында Омбыда өткізілген қазақ халқын ведомствоаралық жайғастыру жөніндегі кеңесте Әлихан Бөкейхановтың айтқан пікірі есте қаларлық. «Киргизский народ не питает сепаратистских замыслов, он не желает отделения от России. Мы –западники.»

    Осы екінші ағымның басында Әлихан бастаған орыс мектептерінен тәлім тәрбие алған озық ойлы қазақ зиялылары тұрады. Бұл топ саяси ұстамдылық танытып, Ресей империясына қарсы ашық күреске шығудың әлі ерте екенін анық түсінеді. Сондықтан олар, ең алдымен, халықтың сана сезімін оятатын жағдай жасау керек деп білді. Бар күш қуаттарын осы мақсатқа жұмылдырады. Бірақ олардың ойдағыдай жұмыс істеуіне жандармерия басқармасының жансыздары мүмкіндік бермейді. Солардың көрсетуімен қуғынға түседі, түрмеге қамалады. Бұдан студент кезінде-ақ сенімсіздердің қара тізіміне ілігіп, бақылауда жүрген Әлихан да тыс қалған жоқ, алдымен, Семей түрмесіне қамалып, кейін Самар қаласына жер аударылып, онда тек ғылыми-шығармашылық қызметпен айналысуға ғана мәжбүр болды.

1916 жылы жер аудару мерзімі бітіп, Самардан Орынборға келген Әлихан бірден қаланың қоғамдық, саяси өміріне араласып кетеді. Қаланың қазақ тұрғындары атынан қалалық думаға сайланады.

     Бүкіл мағыналы өмірін халқының азаттық алып, еркін ел болуына арнаған аяулы азаматтың соңғы демі біткенше сол мақсат жолында жасаған қызметі сан қилы. Ол Ресей жергілікті және қалалық қоғам қайраткерлері съезінің делегаты, Ресейдің I Мемлекеттік думасының және мұсылман халықтары съезінің депутаты, IV Мемлекеттік Думаның

мұсылмандар фракциясының Бюро мүшесі болды. Ол Ақпан төңкерісінен үлкен үміт күтеді. Бірақ ол үміті ақталмайды. Уақытша үкімет, оның ішінде өзі мүшесі болып жүрген кадет партиясының көсемдері қазаққа автономия

беруге қарсы болады. Оның үстіне олармен жер мәселесі жөнінде де ымыраға келе алмайды да, ол бұл партиядан шығып, қазақтан сайланған тоғыз өкілді бастап барып, Томск қаласында Сібір автономистерінің құрылтайына қатысады. Осында болашақ Сібір республикасының құрамында Қазақ автономиясы құрылмақ болады. Құрылтайдан оралысымен Әлихан қазақ тарихындағы тұңғыш саяси ұйым Алаш партиясын ұйымдастыруға кіріседі. Артынша, 1917 ж. желтоқсанында бүкіл қазақтардың құрылтайында Алаш автономиясы жарияланып, Ә. Бөкейхан сол алғашқы Қазақ республикасының тұңғыш төрағасы  болып сайланады.

   Ә. Бөкейханның қуғын-сүргін кезеңінен 2 жыл алдындағы мен ату жазасының күніндегісі. 1919 жылы большевиктер өкіметінің бұрынғы алашордашыларға жасаған кешірімнен кейін Ә. Бөкейханов қалған өмірін ғылыми зерттеушілікке арнады.

    Бірақ, ұлттық намыстан жұрдай, жалған интернационалист, жадағай белсенділердің көрсетуімен ол 1926 жылы екі рет тұтқындалып, түрме азабын тартты. Әлихан Бөкейхан Мәскеуге жер аударылады, зор беделінен қорыққан большевиктер өкіметі оны Қазақстанға жолатпады. Онда он жыл үй қамауында отырған Әлиханды 1937 жылы тамызында қайыра тұтқындап, бір айдан кейін жалған жаламен 67 жасында Мәскеуде ату жазасына кеседі.

       Н.Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» денег кітабінде алашордашылардың ХХ ғасырдың басындағы іс-әрекеті туралы былай дейді: «Жүзжылдықтың алғашқы жартысындағы қазақ зиялыларының жеке басының қасіретімен өрілген қызметі өзінің бірегей құбылыс ретіндегі тұжырымды деңгеймен ғана емес,азаматтық һәм адамгершілік деңгейімен де осы заманмен үндес. Өткелі тұрған ғасырдың соңғы жылдығының зиялылары топтық мұддеден биік тұрса, өлермен атаққұмарлықтан аулақ болса,мұны Қазақстандағы мамыржай тыныштық пен тұрақтылықтың басты бір факторы деп білу керек».

      Бір өкініші, мектеп қабырғасындағы оқушыларға осы тұлғалар тұралы мәліметтер жоқтың қасы. Бір-екі жыл бұрын «Алаштану» элективті курсын енгізген еді.Қазіргі таңда бұл курсты алып тастады. Қазақстан тарихы оқулығында осы кісілер туралы мәліметтер бір-екі сойлеммен шектелген. Тарих тұлғадан қалыптасады.Егер де оқушылар тұлғалардың өмірбаянын,еңбек жолдарын,саяси көзқарастарын, ХХ ғасырдың баскезіндегі күресу жолдарын оқып-үйренсе, онда оқушыларға патриоттық сезім қалыптастыруға ыңғайлы жағдай туар еді.

 

Просмотров: 1586


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст