Текст
2017 жылдың 28 ақпаны Зеленобор мектеп-гимназиясында ядролық апатқа қарсы халықаралық НЕВАДА-СЕМЕЙ қозғалысының өкілдері мектептің педагогикалық ұжымына және оқушыларына арнап «Өз далаңды асқақтатып, тауларды аласартпа!» атты әдеби-музыкалық сабақ өткізді. Бағдарламада Абай, Ыбырай, Махамбет, Пушкин, М.Мақатаев, М.Лермонтов, С.Есенин және О.Сулейменовтың шығармалары орындалды. Әдеби кешті «Невада - Семей»
қозғалысының ардагері Олжас Сулейменовтың кеңесшісі Хамит Исаұлы Мамбетов өткізді.
Кеш барысында мектеп оқушылары мен ұстаздары белсенді қатысып, өлеңдер оқып, ән айтып, би биледі.
Кештің соңында ұйымдастырушылар мен көрермендер бір-біріне ризашылықтарын білдіртіп, алдағы еңбектерінде шығармашылық табыс тіледі.