«Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі  Зелёный бор ауылының мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа-гимназия села Зеленый бор отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области»

Біз инстаграмдамыз

Схема проезда

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Өзін-өзі танунен ашық сабақ

24.02.2017

6 сынып

Өзін-өзі тану

Хасенова А.Б.

22 сабақ

Сабақтың тақырыбы

«Денің сау болсын десең...» 

Мақсаты

 Денсаулықтың тазалықтан, адалдықтан тыныштық  құндылығынан туындайтыны туралы түсініктерін кеңейту.  Денсаулықтың тазалықтан, адалдықтан тыныштық  құндылығынан туындайтыны туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері

Денсаулықты сақтау және нығайту туралы білім беру. 
Өзін-өзі тәрбиелей білу, жағымсыз іс-әрекеттерден аулақ болу. 

Жабдығы

Оқулық, дәптер, слайд, көрме, мақал-мәтелдер, қанатты сөздер, буклет. 

Құндылық

Жалпыадамзаттық құндылықтар

                                                               Сабақ   барысы

 

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ынтымақтастық атмосферасы

 

3 мин

Тыныштық сәті

-Балалар ыңғайланып отырып алыңдар да, терең дем алыңдар. Көздеріңді жұмыңдар. Өз денелеріңізді сезініңіздер және бос ұстаңыздар. Дене демалады,сана сезім сергиді. Өз денелеріңізді көз алдыңызға елестетіңіз...Басыңыздан бастап, аяғыңыздың ұшына дейін...Біз жақсы мен жаманның не екенін ажыратып, бойымыз жеңілдеп қалғандай. Бейне бір ақ түсті көбелекке ұқсап, ұшатын қанат пайда болғандай.

Айналаға көз салсақ,тек қана әдемі, жақсы заттарға көзіміз түседі. Құлпырған гүлдер, оның маңында жақсы балалар...Олардың әрқайсысының жүзінде күлкі ойнайды. Жер бетіндегі барлық тірі зат біздерге: «Жақсы бала бол!» деп

сыбырлағандай болады. Ал төбемізден нұр шашқан алтын күн бізге: «Жақсы болу өзіңнен», деп қарайды. Ия,ия шынында да, көбелектер секілді әдемі болып,тек қана әдемі жерде жүру керек екен-ау! Біз барлығымыз да жақсы екенбіз ғой! Жақсы болу өзімізден екенін біз де сезінгендейміз.

 Ал,енді «бір,екі,үш» деп, бұрынғы қалпымызға келейік.

Оқушылар ыңғайланып отырады, музыка әуеніне енеді,

мұғалімнің айтқанын тыңдай отырып, көз алдарына елестетеді. Бойларындағы

жағымсыз сезімдерінен арылады. Оқушылар ыңғайланып отырады, музыка әуеніне

енеді, мұғалімнің айтқанын тыңдай отырып, көз алдарына елестетеді.

Бойларындағы жағымсыз сезімдерінен арылады.

Топқа бөлу

  2 мин

Жан ауырса, тән азады,  Қайғы басса, жан азады.
Ауырып, ем іздегенше,  Ауырмайтын жол ізде.  
Тазалық — саулық негізі,  Саулық — байлық негізі.  

 

 

Түстер бойынша таңдап алады? Мақалды

құрастырады, мағынасын ашады

Шығармашылық жұмыс

3 мин

2 мин

  Постер құрастыру

 (Денсаулық, байлық, мансап)

 Постерлерін қорғау

Топпен постер құрастырады, сонан соң тақтаға шығып

қорғайды

Дәптермен жұмыс

2 мин

Сабақтың тақырыбын жазу

Дәйексөз

Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі

Т.Карлейль

Оқушылар адам табиғаттың бір бөлшегі екендігін дәлелдей отырып, өз түсініктерін айтып көз жеткізеді

Түйіндеме

 

2 мин

Құрметті оқушылар! Еліміздің мықты тірегі –дені сау ұрпақ. Алдымен адамға денсаулық керек. Адам баласының денсаулығы оның жаны мен тәнінің саулығынан құралады. Адам денсаулығының жақсаруы, рухани

жанының тазаруы. Тіршілікте салауатты өмір салтын ұстану- салауатты өмір кешумен байланысты. Сонымен балалар, денсаулық - адам бақытының бірінші байлығы. 

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына жолдаған “Қазақстан-2030” стратегиялық бағдарламасының

негізгі жеті басымдығының, төртіншісінде- Қазақстан азаматтарының әл-ауқаты, білімі және денсаулығы туралы атап көрсеткен. Халықтың салауатты өмір сүруіне қол жеткізу үшін негізгі үш бағытта күрес жүргізу керек деді. 

Бірінші бағыт-”Темекі шегуді тоқтату” 

Екінші бағыт-”Нашақорлыққа, наркобизнеске қарсы күрес” 

Үшінші бағыт-”Маскүнемдікпен араққа қарсы күрес” 

 

Мәтінмен жұмыс

  7 мин + 3 мин

1 топ: Зиянды әдеттер

2 топ: 82 бет, Денсаулық негізі

3 топ: Денсаулықтың он құпиясы

Оқиды, қағаз бетіне негізгі ойды түсіреді, тақтада қорғайды

Сергіту сәті

3 мин

 «Қолшатыр» ойыны

Тамшылар беріледі, денсаулыққа зиян келтіретін

себептері жазады

Жазғандарын оқиды, қолшатырға

жапсырады

Проблемалық  жағдай тудыру

 

1.      Ақиқат

2.      Сүйіспеншілік

3.      Дұрыс әрекет

4.      Ішкі тыныштық

5.      Қиянат жасамау

 

 

2 мин

+ 1 мин

Жағдаяттар шешу

1.Шәкен ертең болатын емтиханды ойлап, әбден мазасы

кетті. Барлық сұрақтарға тыңғылықты дайындалғандай болды. Бірақ көңіліне сенімсіздік ұялап, мазасыз ойлар бірінен соң бірі тізбектеліп келе берді. Мазасыздықтан

арыла алмаған Шәкен өзін жайсыз сезінді. 

Сұрақ: Шәкенге қандай кеңес берер едіңдер?

2.Айнаш пен Күләш бір сыныпта оқиды. Айнаш ақкөңіл, құрбыластарымен тез тіл табысады. Күләш та ашық жарқын, бірақ Айнаш болған жерде көңілі күрт өзгеріп сала береді. Неге екені белгісіз Айнаштың жетістіктері Күләшқа түрпідей тиеді. Берекесі кетіп, бойын мазасыздық билейді. 

Сұрақ: Күляштың мазасыздығының себебі неде?

 

3. Қанат пен Арман бала кезден дос еді. Қанаттың туған күніне ата-анасы футбол добын сыйлаған.

Қуанышымен бөлісіп, Қанат добын көшеге ойнауға алып шығады. Оны көрген

Арманның көңілі түседі. Ойын аяқталған соң Арман ешкім көрмей тұрғанда допты шегемен жарып тастайды. Қанат қатты ренжиді.

Сұрақ: Арманның ісін қалай бағалайсыңдар?

 

 

Жан тыныштығы құндылығы

 

 

 

 

 

 

 

 

Сүйіспеншілік құндылығы  

 

 

Қиянат жасамау құндылығы

Білгірлер жекпежегі

 

 

2 мин

«Мақалды жалғастыр» ойыны 

1. Зиянды заттардан ертең емес бүгін сақтан 

2. .Денсаулық – зор байлық. 

3. Дені саудың – жаны сау. 

4. Денсаулық - бар байлықтан қымбат. 

5. Ауырып ем іздегенше, ауырмаудан жол ізде. 

6. Сатып алған ауруға ем жоқ 

7. Бас аманда мал тәтті, 

Бас ауырса, жан  тәтті. 

8. Шынықсаң  шымыр боласың. 

9.Ауру қалсада, әдет қалмайды. 

10.  Ауру аздырады, суық тоңдырады

11. Жарлының байлығы —

Тәнінің саулығы.

12.  Көзің ауырса, қолың тый,

Ішің ауырса, тамағың тый.

Әр топқа 3 мақалды жалғастыруға беріледі

Видеоролик көру

3 мин + 1 мин

«Әлемнің жеті кереметі»

(көру, есту, түйсік, сезіну т.б.)

Көру, талқылау

Үйге тапсырма

1 мин

Эссе жазып келу

«Тәні саудың – тәні сау»

Күнделіктеріне жазады

Сабақты қорыту

3 мин

«Денім сау болсын

десең...»

 Бір оқушы «Денім сау болсын десең…» деп ортаға

шығады. Қалған оқушылар осы сөйлемді толықтырып аяқтап, шеңбер құрайды.

Стикерлерге аяқтайды, тақтаға іледі

Кері байланыс

2 мин

Маған сабақ ұнады.

Себебі:

Маған сабақ ұнамады.

Себебі:

Мен бұл сабақта не өзгертер едім:

Карточкаларды толтырады

Көңіл көтеру

 

 

 

3 мин

Бала тілегі. 

Сөзі: С. Молдасынұлыныкі 

Әні: Ф.Лұқпанованікі 

Бал-балалық, балдырған шақ сан арман, 

Барлық бала армандауға жаралған. 

Кел, достарым, әндетіңдер, билеңдер, 

Гүлденсін деп атамекен, қара орман.(2 рет)

Болашақтың иесіміз бәріміз, 

Туған жердің түрлендірер нәріміз. 

Алтын бесік- ұлан-байтақ елімде 

Жарқын болсын шырқап айтар әніміз.(2 рет) 

 Қалықтаған көгершіні көгінде,

Мұңаймасын ешбір бала елімде.

Ата берген батасымен көркейсін,

Ұлы Отаным, тілегім сол менің де. (2 рет)

 

Просмотров: 375

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст