Тақыры:. Қазақстан жеріндегі ерте орта ғасырлардағы мемлекеттер.
Сабақтың мақсаты:
· Білімдік: Қазақстан аумағындағы алғашқы мемлекеттерді, олардың әлеуметтік пен саяси жағдайларын сипаттау арқылы қайталау.
· Дамытушылық: схемалар түзу дағдыларын пысықтау, ойлау және өз ойын айналасындағыларға
жеткізу біліктіліктерінің қалыптасуына жәрдемдесу.
· Тәрбиелік: Отан тарихына құрметпен, мақтанышпен қарауға, адамгершілікке тәрбиелеу.Өздігінен пікір тұжырымдау және дұрыс әңгімелесе білу дағдысын қалыптастыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың көнекілігі: тірек-сызба, суреттер, кестені пайдалану, ақ қағаздар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1.Мұғалім тақырыпы жариялайды. 2. Жұптық тапсырма. Оқушыларға кластерді толтыруға қағаздар беріледі. Онда мемлекеттер көрсетілген.
Оқушыларға үш минут беріледі.
Уақыт өткеннен кейін жұптар өз кластерін қорғайды.
3. « Сандар сөйлейді» ойны. Тақтада даталар жазылған:
552-603 жж, 603-707жж, 704-756жж, 756-940жж, 942-1212 жж, 1128-1213 жж.
Оқушылар кезекпен жауап береді.
4.Сөздік жұмыс: қаған, хан, гурхан.
5. Тапсырма. « Есімдерді сәйкестіріңдер».
Үшлік |
Шығыс Түрік қағанаты |
Елюй Дашы |
Найман |
Сұлу |
Қарақытай |
Наркеш дайын |
Карахан мемлекеті |
Құршақұз |
Найман |
Жамұқа |
Керейттер |
Сатұқ Богра- хан |
Оғыз мемлекеті |
Әли хан |
Қарлұқ |
Тардуш |
Найман |
Бумын |
Жалайырлар хандығы |
Құтылық пен Қапаған |
Түркеш |
Тон мен Шегу |
Шығыс Түрік қағанаты |
5. Топпен жұмыс.
І топқа тапсырма.
Қарақытайдың сыртқы саясатын сипаттап беріңдер.
ІІ топқа тапсырма.
Қарахан мемлекетінің ішкі саясатын сипаттап беріңдер.
6. Венн диаграмассын толтыру . Осы елдердің шаруашылығы мен мәдениетін салыстырып, айырмашылығы мен ортақ жерін табу.
7. Қорытынды. Оқушылармен сабақтың мақсаты мен міндетін анықтау.
8. Бағалау, үйге тапсырма.