Маған ұялы телефон не үшін керек?
Менің үйімде ұялы телефон бар. Екі үй телефоны,анамда кнопка телефон,әкемде сенсорлық телефон. Телефонның үш түрін білемін:біреуі үй телефоны, екіншісі кнопка телефоны,үшіншісі сонсырлық телефон. Телефон маған жаңа жылда әпереді. Оның түсі ақ, сенсорлы болады. Әкем төлейді. Әкем жұмысқа бара жатқанда маған төлейді. Телефонның алдында көп отырсаң білімін азаяды.
Какимова Аймөлдір 3 «А»сынып
Менің телефонымның аты Самсунг ол қара түсті және сенсорлық. Анам мен әкем қаржысын төлейді. Телефонның зияны бар,ол мынадай: көзді ауыртады, телефонда ойын болса сабақты емес ойыңды ойлап отырасың. Телефонның кедергісі: тамақ ішкізбейді, сабақ істеткізбейді,үй жинамай,далаға да шықпайсың. Басқа жағынан қарасаң
пайдасы да бар. Алыстағы туыстарыңмен сөйлесесің, хабарлама жазып жібересің. Мен ойлаймын, телефонның зияны да бар қажеттілігі де бар.
Нұржанова Нұрай 3 «А»сынып
Менің әкем.
Біздің әкеміз үйдің басшысы. Әкем қырық екіде. Отбасымызда ең үлкені. Үйге келгенде ол теледидар көреді. Әкемнің көлігінде біз Бурабайға,Щучьеге және Зерендіге барамыз. Менің әкем ақылды, көңілді және еңбекқор. Менің әкем маған доп,самокат әперді. Мен әкемді жақсы көремін!
Ахметова Ерасыл
Мен әкемді қатты жақсы көремін. Менің әкем еңбекқор. Мен әкем және ағаларыммен демалыста бірге бау-бақшада жұмыс істейміз. Мен әкемді тыңдаймын,сабақты түсінбесем әкем маған көмектеседі. Бір сұрақ болса әкем,анам,әжем,атам бірге әңгімелесіп шешеді. Әкем маған барлығын сатып әпереді. Мен әкемді қатты жақсы көремін!
Нұржанова Нұрай.
Менің әкемнің аты-жөні Айдрахманов Аслан Оралұлы. Менің әкем отыз екі жаста. Әкем мені,анамды, апамды,інімді жақсы көреді. Әкем мені еркелетеді. Мен әкемді тыңдаймын. Менің отбасымда ең басты адам ол-әкеммен бірдеңені білмесем әкем маған көмектеседі де айтады. Менің әкем әдемі, әдепті, жақсы. Анам жұмыста болса әкем тамақ пісіреді. Мен әкемді жақсы көремін!
Айдрахманова Лейла
Оқудың қызығы мен қиындығы туралы ойым.
Менің атым-Ерасыл. Мен үшінші сыныпта оқимын. Кейде мен өз-өзіме осындай сұрақ қоямын: оқу не үшін керек? Енді мен түсіндім оқу,білім,тәртіп үшін керек. Мен үшін қиын сабақтар аз. Сабақтардың көбі маған өте қызықты. Біздің уақытта сабақты жақсы оқу керек. Өйткені колледжге барғанда бізге қиын болады. Бізді уақыт күтпейді. Сондықтан осы кезден сабақты жақсы оқу керек.
Ахметов Ерасыл.
Маған оқу білім, жақсы жұмыс істеу үшін керек. Мен үшін оңай да, қиын да сабақтар бар. Уақыт орныңда тұрмайды. Мен әлі кішкентаймын қазір маған жақсы оқу керек. Өйткені мен жақсы оқымасам мен білімді болмаймын және мені ешкім жұмысқа алмайды деп ойлаймын.
Айдрахманова Лейла.
Мен Зеленобор мектеп-гимназиясының 3 «А»сынып оқушысымын. Атым-Какимова Аймөлдір. Маған оқу:білім алу үшін, мақсатыма жету үшін,өз жауымды жеңу үшін және Отанымды қорғау үшін керек. Мектепте қиын сабақтар болады. Мысалы маған математика және қазақ тілі кейдеқиын болып тұрады. Ал қызық сабағым әдебиеттік оқу өте қатты ұнайды. Өйткені оқығанда миымыз шынығады. Мен қазір кішкентаймын барлығын тез үйреніп аламын да өскенде алдыма қойған мақсатыма жетемін деп ойлаймын. Егер мен сабаққа кешігіп келсем, ендігі жолы кешікпеймін деп уәде беремін. Менің әңгімем ұнар деп ойлаймын.
Какимова Аймөлдір.
Мен қандаймын?
Мен екінші сыныпта оқимын. Үлкендерді сыйлаймын. Көшеде келе жатқан әженің сөмкесі ауыр болса көмектесемін. Алия апайға, сыныптастарыма жәрдем беруге дайын тұрамын.
Сарсенбекова Жамила
Менің атым- Лейла. Мен жетідемін, 2 «А» сыныбында оқимын. Мінезім ашық. Достарым көп. Үлкендерді сыйлаймын. Кішіге көмектесемін. Көп оқып, көп білгім келеді. Болашақта мұғалімге ұқсаған мен де мұғалім болғым келеді.
Айдрахманова Лейла
Мен өзімді тәртіпті, инабатты, салмақтымын деп ойлаймын. Үлкендердің сөзін екі етпеймін. Кішіге қамқор боламын. Достарыммен жақсы араласамын. Сабақты жақсы оқимын. Балалардың бәрін тәртіпті, озат оқушы болса екен деймін.
Ахметов Ерасыл
Мен өзімді тәртіпті, ақылды, сымбатты, сабырлымын деп ойлаймын. Менің ойымша, қыз балалар салмақты да сыпайы болу керек. Олар оқумен қоса өнерді де алып жүреді. Осы қасиеттер менің бойымда бар. Бос уақытымда кітап оқып, өлең шығаруды ұнатамын. Танымал ақындарға ұқсап, өскенде атақты болсам ғой.
Какимова Аймөлдір
Мен тәртіпті, үлгілі оқушымын. Ата- анамды, үлкендерді сыйлаймын. Достарым өте көп. Достарымды құрметтеймін. Оларға көмек бергенді ұнатамын. Болашақта елге қалаулы азаматша болғым келеді.
Нұржанова Нұрай
Менің жақсы істерім
Мен әдепті болғанды ұнатамын. Үлкенге- құрмет, кішіге- ізет жасау керек. Кішкентай балаларға қамқор боламын. Үйде әжем мен анам жұмсаса айтқанын қыламын. Өзімнен кіші інілеріме қараймын.
Айдрахманова Лейла
Мен анама үй жинауға көмектесемін. Сабаққа үнемі дайындалып келемін. Күнде жақсы баға аламын. Анамды қуантып отырамын. Ешқандай жаман қылық жасамауға тырысамын.
Агибаев Жантуар
Менің көрші үйде Әділет деген досым бар. Бір күні қыста оның үйі жабық болды. Әділет далада көп жүрді. Анам екеуіміз терезеден қарадық. Ол далада орындықта ұйықтап қалыпты. Мен далаға жүгіріп шықтым. Анам екеуміз оны үйге алып келдік. Сөйтіп, анасы келгенше Әділет менімен бірге болды. Содан соң анасы бізге рахметін айтты.
Мұхамеджан Арыстан
Қыс көрінісі
Қыста қар жауып, күн суытады. Күн қысқарып, түн үзарады. Боран соғып, аяз түседі. Терезеге қырау түсіп, әдемі өрнек салады. Адамдар жылы киімдерін киеді. Қар жауған күні балалар қызығып ойнайды. Бірі шанамен сырғанаса,бірі аққала жасайды. Қыс көрінісі қандай тамаша!
Ахметов Ерасыл
Қыс- жылдың соңғы айынан басталады. Қыста күн суытып, қар жауып, боран соғып, аяз болады. Ағаштар
да ақ жамылғы оранғандай. Қыста балалар шаңғы тебеді. Аққала жасайды. Шанамен сырғанап уақыттарын көңілді өткізеді. Қыста жаңа жыл мейрамын қарсы аламыз. Қыс айлары осынысымен көрікті. Желтоқсан айының соңында жаңа жыл мерекесін қуанышпен қарсы аламыз.
Какимова Аймөлдір
Отбасы
Отбасымды сүйемін,
Сендер үшін күйемін.
Әрқашанда мәпелеп,
Асырап сіздерді келемін.
Дәріхана.
Дәріхана болмаса,
Науқас адам жазылмас.
Дәрілер сатып алмаса,
Ауырған бас айықпас.
Анашым.
Аяулы менің анашым,
Мәпелеп өсірген панамсың.
Ақылыңыз өскенде керек болап біздерге.
Мұғалім.
Мұғалімді сағына
Мектепке барам асыға.
Сыныптастарымды көруге
Барамын мен мектепке.
Білімді бала боламын,
Үздік бестік аламын.
Мұғалімді қуантып,
Күндей болып жанамын
Болашақ.
Болашақтың өмірі
Не боларын кім білсін.
Өсіп шығып, өміріңді
Сонда ғана түсінесің.
Ертегі.
Ертегіні тыңдаймыз,
Қызығына тоймаймыз.
Тыңдай-тыңдай ертегі
Аламыз біз кітапты,
Ертегіні оқимыз.
Барлық жақсы сөздерін,
Жанымызға түйеміз.
Достар.
Достарды біз сатпаймыз,
Өтірікті айтпаймыз.
Шынайы дос өміріне
Керек болар бәріне.
Какимова Аймөлдір
Анама хат.
Анашым мен сізді жақсы көремін. Сіз болмасаңыз мен болмаймын. Аяулы анашым сенсіз өмір сүрмеймін. Анашым мейірімді,аяулы мен ауырсам менің жанымдасын, маған дәрігер боласың,аяулы анашым. Сен маған күнсін,сен маған айсын,мейірімді анашым. Жақсы көремін сені,анам. Алыс болсаң аяулы анашым сені сағынамын. Сен үшін бәріне дайынмын,мейірімді анашым. Сен маған ең жақын жансын анашым аяулы!
Мұхамеджан Арыстан
Мен өз анамды өте қатты жақсы көремін. Анам менің қамқоршым, ақылшым. Қандай қиындық болса да менің жанымнан табыласыз. Сіз мені сүйгенде мен жақсы сезімде боламын. Сіз бір жаққа кетіп бара жатқанда мен сіздің жұмсақ алақаныңызды сағынамын. Мен сізді сыйлаймын өйткені сіз маған жақсылық тілейсіз. Мен сізді өте қатты жақсы көремін және имандай сыйлаймын. Сіз әлемде ең жақсы анасыз. Сіз ешқашан да ауырмасаңыз деп құдайға жалынамын, сіздің денсаулығыңыз өте қымбат мен үшін. Бір ғана күлгеніңіз маған өте қатты қымбат. Сіздің жылағыныңыз менің жаныма қатты батады.
Агибаев Жантуар.
Менің қазір жазып жатқаным бәрі сіз үшін. Сіз ең мейірімді, аяулы,сыпайы адамсыз. Сіз күнде: Ерасылмен ештеңе болмасын-деп отырасыз. Қажет болса жұмыстан сұранып,маған келесіз. Мен ауырып қалғанда ылғи менімен жүретін сізсіз. Маған ең жақсы затты беретін сізсіз. Анашым! Мен сізді дүние жүзінен де артық жақсы көремін! Мен ешқашан сізді тастағанды қаламаймын. Сізді көргенде мен жүгіріп,құшақтағым келеді. Жерде сізден сұлу адам,зат жоқ. Сіз қызғалдақтай -ашылғанда,менімен бірге, жабылғанда- менсіз гүл боп өмір сүресіз. Мен сіз туралы айтуды ешқашан шаршамаймын. Балаңыз Ерасыл.
Ахметов Ерасыл.
Асыл анам, сіз өмірімнің бақытысыз. Өмірдегі ең мейірімді жансыз. Өмірімнің сәнісіз, қуанышысыз. Мен ауырғанда ауруым маған келсін деп жұбатасыз. Өскенде құлыным,жаным, балапаным, сосискам-мосискам деген сөздеріңізді ұмытпаймын. Жан анам сізсіз менде өмір жоқ, сізсіз мен бақытты бола алмаймын. Аяулы жұмсақ алақаныңызды ұмытпаймын. Сіз жылағанда мен де жылаймын,сіз қуанғанда мен де қуанамын. Анашым сіз менің жүрегімсіз. Өмірдегі ең ғажап жан сізсіз-анашым. Әрдайым қасымда жүргеніңізді қалаймын. Сізді қуандырып жүремін. Аяулы ақ сүтіңізді ұмытпаймын. Анашым сіз бізді бағып-қағып үлкен,мықты ержігіт етесіз. Сіз мені бала болғанда бақсаңыз, мен сізді өскенде бағамын. Мен сізді өмірімнен артық жақсы көремін!
Какимова Аймөлдір
Мен өз анамды өте қатты жақсы көремін. Сіз менің қамқоршымсыз,тәрбиешімсіз. Әпкемен де, әкемнен де артық сізді жақсы көремін. Мен сізге қарыздармын,бірақ ол қарызымызды өмір бақи өте алмай келетін боламын. Сіздей ана болғанға мың да бір рақмет. Сіздей ана болғанға мен қуанымын. Қазір сіз болмасаңыз мен қалай өмір сүрер едім?! Мен қуансам сіз де қуанасыз, мен жыласам сіз де жылайсыз. Сіз бізді аялап өсіріп келдіңіз,біз төртеуіміз аллаға сіз болғаныңызға рахметтеп күнде таңертең айтамыз. Мен сізді аллаға теңеймін. Сіз маған алтыннан да қымбатсыз. Мен сізді жаным шыққанша дейін жақсы көріп өтемін!
Нұржанова Нұрай
Какимова Аймөлдір
Менің мысығым
Бір күні біздің үйде кішкентай аппақ бала мысық пайда болды. Оны анам Көкшетау қаласынан бір саудагер ападан сатып әкелгенін айтты. Ол мысықты алғаннан барлық жанұямызбен жақсы көріп кеттік. Оның атын бұрынғы иелері орысшалап «Сергей»деп қойыпты. Біз ол атын өзгертпей, тек қана, алла ретін келтіріп осы үйге әкелген мысық қой деп, «Құдайбергенович»деп тегін қойдық. Сөйтіп, СергейҚұдайбергенович біздің үйдің тұрғыны болды. Бірақ мысығыма «Сергей»десек қарамайды. Нөни десек жүгіріп келеді. Не десек те ол мысық үйге өзімен бірге қуаныш пен құтын ала келді. Кей кезде үйде көңіліміз түсіп қалса, ол мысықтың шапқылаған ойынын көріп, еріксіз қуанышқа бөленіп, күлесің. Түнде ол менімен ұйықтайды, бетімді, қолымды жалайды, арасында тістеп те қояды.
Бұрын көпке дейін ұйқым келмей анам қасыма келгенше ұйықтамай жатушы едім, қазір мысығымды құшағыма алып, тез ұйықтап кететін болдым.
Мысығым өте таза, сол үшін де анам ол мысықты жақсы көреді. Тамағын беріп, мәпелеп күтеді.
Ол мысықтың тәттілігі сондай «мысық» дегенді ұнаптайтын әкем де мейірленіп, онымен анда-санда ойнап қояды, қаладан тамағын сатып әкеледі. Нөни біздің кішкентай бауырымыз секілді. Оны бәріміз еркелетеміз. Ол бәрінде сезеді. Оған көңіл бөлмей қалсақ, өзі келіп аяқ-қолыңды жалап еркелейді ғой. Өзі пәле-ақ! Жануар болса да, аялы алақанды біледі. Маған қуаныш сыйлайтын мысық әкеліп берген анама көп рахмет айтамын. Ол мысыққа арнап анамның көмегімен өлең де шығардым. Оны осы әңгімеге қоса жіберіп отырмын. Әңгімем сіздерге ұнар деп сенемін.
Алдын-ала рахмет!
Мысық туралы
Мысығым менің аппақ,
Өзі сондай тәтті-ақ.
Шаршамайды ешқашан,
Жүгіреді қатты-ақ.
Ойынға ол тоймайды.
Шапқылауды қоймады.
Арасында ұмытпай,
Тышқанды да аулайды.
Тазалықты сақтайды,
Үстіне кір жұқпайды,
Кей кезде ол жалқау боп,
Күні бойы ұйықтайды.
Ол мысықты бәріміз,
Өте жақсы көреміз,
Ұрмай,соқпай мәпелеп,
Асырап оны келеміз.
Дәріхана.
Дәріхана болмаса,
Науқас адам жазылмас.
Дәрі сатып алмаса,
Ауырған бас айықпас.
Дәрілерді алғанда,
Барлық әлем жазылар.
Дәріхана болғанда
Бізге саулық бере алар.
Жақсы оқушы.
Тыныш отыр оқушы,
Жаттығуды орындап.
Мұғалімді тыңдайтын
Жақсы оқушы болыңдар.
Кітаптың бетін ашады,
Суреттерді салады.
Мұғалім оған не айтса
Соның бәрін жазады.
Нар Төстік пен Ер Төстік.
Ерте заманда Ерназар деген кісі болыпты. Ерназардың өзі бай болыпты. Төрт түлік малы сай болыпты. Қора толған қойлары болыпты. Өріс тола жылқылары болыпты. Ерназардың сегіз ұлы болыпты.
Бір жылы үлкен жұт болыпты, ел малын алысқа, отарға айдап кетіпті. Ерназардың сегіз ұлы да соның ішінде кетіпті. Бір қыстық азығын алып кемпір мен Ерназар үйінде қалыпты. Ерназардың сегіз ұлы сол кеткеннен хабарсыз кетеді, айлар өтеді, - келмейді, жылдар өтеді, - келмейді. Ерназардың азығы таусылды, ашықты, жейтін тамақ таппады, тұрмысы жаманға айналды.
Бір күні кешке жақын төсектерінен тұрып, кемпірі түндігін ашады. Тұруға мұршасы келмей жатқан шал шаңыраққа қараса, шаңырақтың күлдіреуішінде керулі тұрған кер биенің және қара нардың төстіктері көзіне түседі. Ерназардың қуанып, есі шығады:
- Кемпір, сүйінші! Керулі тұрған кер биенің және қара нардың төстіктері майлы көрінеді, бол, жылдам, асып жібер,- дейді. Сөйтіп төстіктерді қазанға салады.
Төстіктерді асап жейді. Ұзамай кемпір екі ұл туады, олардың аттарын, төстіктерді жеген соң Төстік деп қояды. Екеуі де бір-бірінен аумайды, тек бір ғана айырмашылықтары болады. Біреуінің шашы кер биенің төстігіндей қызғылт, екіншісі қара нардай қара шашты болады. Сондықтан бірін Ер Төстік деп, екіншісін Нар Төстік деп атапты. Сөйтіп ағам екеуіміз дүниеге келіппіз.
Айлар, жылдар өтеді біз де үлкен болып ер жеттік. Барлық ойындарда екеуіміз бірге болатынбыз. Аң аулап, құс атып, кәрі әке-шешемізді асырадық. Бір күні Ер Төстік екеуіміз садақ атып ойнап жүргенде менің садағымның оғы далада жүн түтіп отырған көрші кемпірдің жанына келіп қадалады. Кемпір қорқып кеткеннен бізге айқай салып ұрысады.
- Сен, екеуің садақ атып ойнап жүргенше жоғалып кеткен сегіз ағаларыңды неге тауып алмайсыңдар,- деп басымыздан жай түсіргендей болды.
Таң қалғанымыз соншалық, көпке дейін есімізден кемпірдің сөздері кетпеді. Ары ойлап, бері ойлап ағам екеуіміз шешемізден барып сұрау керек деген шешімге келдік. Үйде анамыз шаруамен жүр екен. Жанымызға шақырып алып:
-Шеше, көрші кемпір біздің сегіз ағамыз бар деді. Бірақ олар жоғалып кеткен дейді, сол рас па? Тек шындығыңды айт,- деп жалындық. Анамыз байғұс жылап жіберді:
- Боталарым, сегіз ағаларың бар екені рас, тек әкелерің айтпа деп ескерткен. Ал менің жүрегім езіліп, ауырады. Сендер ер жеттіңдер, ағаларыңды тауып әкеле аласыңдар деген үмітім бар. Менің айтқанымды әкелеріңе айтпаңдар, бірақ бауырларыңды тауып әкелсеңдер менің арманым болмас еді. Ер Төстік, Нар Төстік мен сендерге сенемін, көзімді жұмғанша балаларымды көргім келеді, - деп анамыз көз жасын көлдей төгіп жылап жіберді.
Енді Ер Төстік екеуіміз әке-шешемізге аң мен құстың етін үйіп беріп, жолға шықтық. Айлар жүрдік таппадық, жылдар жүрдік таппадық, ақырында бір елге келдік. Көшеде бірнеше адам:
- Ерназардың сегіз ұлын көруге асығыңдар! Ерназардың сегіз ұлын көруге асығыңдар! – деп айқайға басып жүр. Осы кезде Ер Төстік әлгі адамдарға қарай жүгіріп кетті, ал мен болсам ауылдың ортасында не істерімді білмей тұрып қалдым. Жан-жағыма қарадымда «Не болса да киіз үйге кіріп жөнді сұрап алайын»- деп ойлап тұрып ең үлкенін көзбен таңдап алдым да кіріп кеттім. Кірсем, ортада үлкен үстел басында сақа келген сегіз ер адам отыр екен. Бәрі де бай және әдемі әшекейленген шапан және бөріктер киіп отыр екен. Қастарына жақындап, қолымды кеудеме қойып, басымды изеп сәлем бердім. Жөн сұрастық. Бұл отырған сегіз ер адам іздеп жүрген сегіз ағам екен. Қуанғанымнан жылап жібердім де мән-жайды айтып бердім:
- Мен, Нар Төстік Ерназар байдың ең кіші егіз ұлдарының бірімін. Сыңар бауырым Ер Төстік екеуміз сендерді іздеп бармаған жеріміз, баспаған тауымыз қалған жоқ. Әбден шаршап осы елге жеттік. Ер Төстік сендерді іздеп сыртта қалды. Анамыз бен әкеміз сендерді уайымдап әбден қартайды, ауырады. Ал сендер тым болмаса бір хабарларыңды бермейсіңдер ме, - деп бірден айтып салдым.
Сонда ең үлкен ағам тұрып:
-Амансың ба, бауырым! Сенің өкпең орынды, бірақ біз әке-шешеміз жұт уақытында аштықтан өлген шығар деп ойлап жүрміз ғой. Сендерден жақсы хабар естіген соң елімізге қазір оралуға дайынбыз. Біздің жиған малымыз, байлығымыз бәрімізге де жетеді, – деп айтып болған кезде біз отырған киіз үйге Ер Төстік те жүгіріп кірді. Оның да қуанышында шек болған жоқ.
Туған жерге оралуға дайындыққа үш күн, үш түн кетті. Сонымен бәріміздің басымыз қосылып, туған елімізге, туған жерімізге, әке-шешемізге зор қуанышпен оралдық.
Балаларының бастары қосылғандықтан әкеміз Ерназар мен шешеміз барлық уайым-қайғыны ұмытып, он жасқа жасарды. Жасаған елге қырық күн, қырық түн той өткізді. Сол тойда болған Зеленобор ауылының қарт ата-әжелерінен сұрасаңыздар бұл әңгіменің барлығы шын болған уақиға екенін растап береді.
Сол күнннен бастап біздің отбасымызға бақ-дәулет қонып, үйлерімізден құт береке кетпеді. Сөйтіп Ерназар өмірлік арманына жетіп балаларының ортасында бақытты өмір сүріпті.
Ахметов Ерасыл.
Мұғалім.
Мұғалім мені үйретті,
Санау, жазу,оқуға.
Мұғалімді теңеймін,
Екінші менің анама.
Мейір, шуақ себесің.
Қиынға әркез төзесің,
Шәкірттердің жанында
Жасарып жүрші қашанда!
Мектеп-екінші үйіміз.
Мектеп-екінші үйіміз,ал мұғалім-екінші анамыз. Біз мектепке келгенде мұғалім бізге әріптерді, санауды, оқуды үйретеді. Мұғалім әркез сыпайы, тәртіпті, білімді, үлкендерді сыйлауға,кішілеге қамқор болуға үйретеді. Мұғалім болу өте қиын.
Менің туған жерім.
Менің туған жерім Ақмола облысы Бурабай ауданы Қарабауыр ауылы. Біздің ауыл әдемі, биік таулары бар көрікті жер. ол жердегі әр таудын атауы бар :Заңғар тауы –ол төрт тау бір-бірімен қосылған өте биік тау. Қалмақ тауы-ол таудың ең шыңында әдемі тастар әдейі қойып қойғандай болып көрінеді. Шоқы тауы-ол өте биік және ең үстінде қарағай ағашы өсіп тұр. Таулардың орналасуы да әдемі,олар бір қатар боп тізіліп тұр ауылды қоршап,күзетіп тұрғандай болып көрінеді. Таулардың артында орман, орманда шие, таңқурай,долана,қарақат өседі. Ауылдың еінші жағында мал жайылатын кең дала. Ауылдың адамдары мейірімді,қонақжай. Мен өз ауылымды жақсы көремін. Ауылда көп достарым да бар. Қарабауыр-менің туған жерім.
Нұржанова Нұрай
Мамандық.
Мамандық таңдау ол бір адамның өмірі. Сол бір жақсы мамандықтардың бірі-дәрігер. Дәрігер болу үшін тоғыз жыл оқиды. Сол бір тоғыз жыл арасында оқып үйренгеніңді жасайсың. Дәрігердің түрлері көп. Олар: педиатр, травматолог, хирург, стоматолог тағы басқалары. Педиатр-ол балаларды емдейтін дәрігер. Травматолог-адамынң сынған жерлерін жазады. Дәрігер әр жерде керек мамандық. Сондықтан дәрігер болса еш өкінбейсің. Дәрігер болмаса бізді кім емдейді.
Шуақова Ботажан.
Санамақтар
Бір дегенім-бесік,
Маған ашқан есік.
Екі дегенім-еңбек,
Ерінбей көмек ет.
Үш дегенім-ұш,
Ұшаққа отырып ұш.
Төрт дегенім-тілек,
Елге бол тірек.
Бес дегенім-бақыт,
Болсын шаттық.
Алты дегенім-ана,
Саған болған пана.
Жеті дегенім-жақсылық,
Өмірін болсын баршылық.
Сегіз дегенім-сенім,
Мақсатыма жетемін.
Тоғыз дегенім-талап,
Білім,күш,қуат.
Он дегенім-ошақ,
Отбасына болашақ.
Кусаинов Алдияр 4 «А»сынып
Бір дегенім-аяныш, әр адамда қуаныш.
Екі дегенім-еске, сабақты оқы беске.
Үш дегенім-үміт, үміттеңе жүр.
Төрт дегенім-тілің, тілсіз ұлт күнім.
Бес дегенім-бақыт, уақыт артық.
Алты дегенім-алғыс, жақсылық қылсаң,қалмайсың жалғыз.
Жеті дегенім-жеңіс, тер көп жеміс.
Сегіз дегенім-қуаныш, әр адамда болсың аяныш.
Тоғыз дегенім-талап, әр жерде жүр жарап.
Он дегенім-жақсылық, істей көрме жамандық.
Султанова Нұргүл 4 «А»сынып
Бір дегенім білім,
Екі дегенім елім
Үш дегенім үнім,
Төрт дегенім тұғыр.
Бес дегенім бесік,
Алты дегенім алшы,
Жеті дегенім жақсылық.
Сегіз дегенім сері,
Тоғыз дегенім тоқшылық,
Он дегенім ойын.
Жуздибаев Тажен 4 «А»сынып
Бір дегенім-білім,
Білімдіге жүгін.
Екі дегенім-елік,
Инесіне келеді ерік.
Үш дегенім-үйшік,
Ішінде оның күшік.
Бес дегенім-бесік,
Ортасында тесік.
Алты дегенім-асық,
Ойнайды оны атып.
Жеті дегенім-жылқы,
Жалын оның жұлқы.
Сегіз дегенім-сеніз,
Сеніз жетті жеңіз.
Тоғыз дегенім-торпақ,
Қараңғыда қорқақ.
Он дегенім-ойың,
Ойланбасан қиын.
Самиголла Абай 4 «А»сынып
«Бір» анам берген несіпте,
Бірімде болдым бесікте.
«Екімде» төрде талпынып,
Еңбектеп жеттім есікке.
«Үшімде» шүлдір-шүлдірмін,
Үшкілде тілмен күлдіпдім.
Төр емес өрде сүрініп,
«Төртімде» кеттім жүгіріп.
«Бес» дедім сүндет тойыңда,
Белсеніп кірдім ойынға.
Алғаш мен тартып ат жалын,
«Алтыда» тақпақ жаттадым.
«Жетіден» әрі жетіліп,
Ойнадым ақ кілемде.
«Сегізге» келдім секіріп,
Үйге кірдім жүгіріп.
«Тоғызда» ақыл тоқыдым,
Тоғыз жаста үздік оқыдым.
«Он» дегенім оймақ,
Он қара жұмбақ.
Калиова Гүлназ 4 «А»сынып