Жалпы орта білім беретін мектеп оқушылары арасындағы «Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасының облыстық кезеңі Ақмола облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен «Білім –Инновация» лицей-интернатында 2018 жылдың 21-23 ақпан аралығында өткізілді.
Олимпиаданың негізгі мақсаттары:
• мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту;
• қазақ халқының мәдени, әдеби және рухани қазыналарын кеңінен насихаттау;
• оқушылардың шығармашылық, ізденушілік қабілеттерін, мәдени дүниетанымын дамыту;
Олимпиадаға 17 ауданнан 81 оқушы, Степногорск және Көкшетау қаласының мектептерінен 15 оқушы және дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернаттардан 19 оқушы – барлығы 115 оқушы қатысты.
23 ақпан күні сағат 10.00.-де Көкшетау қаласы, Біржан сал атындағы музыкалық колледжде жеңімпаздарды марапаттау рәсімі салтанатты түрде өткізілді. Жеңімпаздарға Ақмола облысы білім басқармасының дипломдары мен медальдары және сыйлықтары тапсырылды.
Бурабай ауданы, Зеленобор мектеп - гимназиясының 11-сынып оқушылары Ақмола облысы білім басқармасының IІІ дәрежелі дипломымен «Тілші әдебиетшілер» номинациясы бойынша Құдайбергенова Диана марапатталған болса, білім басқармасының грамотасымен «Жас ғалымдар» номинациясы бойынша Шаймуратова Анель марапатталды. Осы жеңісімен Диана мен Анельді шын жүректен құттықтаймыз!!!