1 «А»сынып жетекшісі Кабдулина А. Д. «Тіл мерейі, ел мерейі» атты сынып сағатын өткізді. Сынып сағатының мақсаты: Жас ұрпақты ана тілінің қадір-қасиетін түсіне білуге шақыру. Олардың халқына деген,тіліне деген махаббатын арттыру.
2 «А»сынып «Отанды сүю-отбасынан басталады» тақырыбына суреттер көрмесін ұйымдастырды.
3 «А»сынып жетешісі Айтжанова Б.Б. «Қазақ тілі-ғажап тіл» интеллектуалды ойын өткізді. Ойын бес кезеңнен: Таныстыру, мақалды жалғастыр, ойлан тап, бәйге, кім жүйрік? Тұрды. Оқушылар ойынға белсенді қатысты.
4 «А»сынып жетекшісі Ахметова А.С. «Білімділер »зияткерлік ойын жүргізді. Ойынның басты мақсаты: білімге деген құштарлықтарын арттыру, білімдерін тереңдету, зияткерлік қабілеттерін дамыту. Кезеңдері: ЛОГИКА, ӨРМЕКШІ ТОРЫ, КӨКПАР,ЛОТЕРЕЯ БИЛЕТІ, ОТ, ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН-БІЛІМДІ ҰРПАҚ, АЛТЫН САНДЫҚ, ҚАМАЛ, СӨЗ АСЫЛЫ-МАҚАЛ, ҚАРА МЫСЫҚ. Ойынның соңында әр қатысушыға тәтті сыйлық таратылды.